Әр түрлі

Су айдындарына шабақтар жіберілуде

Солтүстік Қазақстан облысындағы өзен-көлдерге шабақтар жіберілуде. Мұндай іс маусым айының соңында Мағжан Жұмабаев ауданында ұйымдастырылды.

Рашад Черпанов есімді азамат Үлкен Алуа және Зарослое көлдерін жалға алыпты. Жерлесіміз маусымның 17-сі мен 27-сі күндері аралығында аталған су айдындарына мыңдаған кішкентай балық жіберіпті. Оларды Ресейдің Челябі облысынан сатып әкелген екен.

Рашад Черпанов – жалға алушы:

–  Зарослое көліне 100 мың ақ амур, 100 мың дөңмаңдай балығының дернәсілін жібердік. Тағы, 200 мың тұқы шабағы босатылды. Осындай іс Алуа көлінде де жүргізілді. Мұнда 100 мың ақ амур жіберілді.

Бердимурат Баймухан