ТЖ

Петропавлда 5 қабатты үйден от шықты

Петропавлдың Заводская көшесі бойында орналасқан 18-ші үйдің 4-ші қабатынан от шықты.

Төтенше жағдай жайлы хабар өрт сөндірушілерге күндізгі сағат 11:28-де түскен екен. Мамандар оқиға орнына дереу жетіп, нысан ішіндегі тұрғындарды сыртқа шығарған. Кейін, жалынды ауыздықтауға кіріскен. Тілсіз жау 15 минут ішінде сөндіріліпті. Құтқарушылардың сөзінше, пәтер иесі электр көзіне үтікті қосып, ұмытып кеткен. Осының салдарынан өрт орын алған. Абырай болғанда ешкім зардап шекпеді.

Руслан Құдайбергенов – СҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі:

– Подъезден 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың біреуі – бала. Өрт сөндіруге 18 құтқарушы мен 4 техника қатысты. Көршілер дер кезінде хабар бергендіктен жалынды ауыздықтау аса қиынға соқпады. От шарпыған аумақ 5 шаршы метрді құрайды.

Бердимурат Баймухан