Құқық қорғау органдары

Қоршаған ортаны қорғау заңнамасы 153 мәрте бұзылған

3 күн ішінде қоршаған ортаны қорғау заңнамасы 153 мәрте бұзылған. Облыс полицейлері өңір аумағында «Браконьер» жедел-алдын алу іс-шарасын ұйымдастырды. Оның нәтижесінде 94 солтүстікқазақстандықтың – аң, ал 32 жерлесімдің балық аулау ережесін бұзғандығы анықталды. Тағы, 2 бірдей экологиялық қылмыс әшкереленді.

Мұндай жағдайдың бірі Шал ақын ауданында орын алған. Бәз-біреулер КрещЕнки селосының маңында заңсыз жолмен ұсақ тас өндіріпті. Олардың ісін, нақтырақ айтсақ, инертті материалды шығарып жатқан 2 бірдей КамАЗ бен тиегіш техниканы инспектор байқаған. Бұл көліктер атауы белгісіз серіктестікке тиесілі екен. Кәсіпорын бірнеше күн ішінде 480 тонна тас өндіріп, жолдар мен өндіріс орнының аумағына төсеуді жөн санаған. Қазір шығын көлемі анықталуда.