Мәдениет

Облыстық қуаршақ театрында жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Үстіміздегі жылы аққайыңдар өлкесіндегі 32 мәдениет нысаны жөндеу көреді. Іске республикалық және өңір қазынасынан 1 миллиардқа жуық ақша бөлініпті. Бұл қаржының 7 млн теңгесі / облыстық қуыршақ театрын жаңартуға бағытталған.

Бүгінде мұндағы 1-ші қабат қалыпқа келтірілуде. Шаруаға жауапты мамандар қабырғаларды бояуда, төбені ауыстыруда және еденге плита төсеуде. Қызметкерлер жұмыспен қамту орталығынан келіпті. Олар іске мамыр айының соңында кіріскен екен. Жоспар бойынша өздеріне жүктелген міндетті тамыздың басында аяқтаулары тиіс. Жалпы, соңғы рет кішкентай көрермендердің сүйікті демалыс орнына айналған қуыршақ театры осыдан 3 жыл бұрын жөнделіпті.

Тұрсын Молдахметова – облыстық қуыршақ театры директорының орынбасары:

– Театрымыз соңғы рет 2017-ші жылы қалыпқа келтірілді. Ол кезде ғимараттың электр қондырғылары жаңартылды. Биыл тағы да ағымдағы жөндеу жасалуда. Мұның нәтижесінде 1-ші қабат, әсіресе кіреберісіміз жарқырай түседі. Бұл көрермендерге ұнайды деген ойдамыз. Кішкентай ұл-қыздарды театрдың кезекті қойылымдарына асыға күтеміз.

Байболат Култанов