Құқық қорғау органдары

Қару-жарақ пен оқ-дәрі қабылдау акциясы басталды

Шілденің 1-інен солтүстікқазақстандық полицейлер кезекті акция бастады. Оның аясында жерлестеріміз заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәріні тәртіп сақшыларына өткізіп, сыйақы ала алады. Карантинге байланысты сатып алу ісі онлайн-форматта жүргізіліп жатыр.

Яғни, полиция бөлімдеріне барудың қажеті жоқ. Қажетті ақпаратты экранда көрсетілген 8 (7152) 49-37-49 және 8 (7152) 39-48-66 немесе “102” нөміріне қоңырау шалып білуге болады. Өткен жылы теріскейліктер құқық қорғаушыларға 109 бірлік қару өткізіпті. Оның 13-і – иір ойық, 95-і – тегіс ұңғылы және 1-еуі травматикалық құрал екен. Тағы, 700 оқ сатылған. Жалпы, былтырғы акцияға 90-нан астам адам қатысыпты. Оларға төленген сомма 6 млн теңгеден асады.

Эльмира Садвокасова