Жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған орындар көбейтіледі

Аптадағы маңызды жаңалықтар

21:58 30 Маусым 2020

Шілде айынның соңына дейін  жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған орындар 50% пайызға арттырылмақ. Ол үшін өңірлердегі барлық медициналық орталықтар пайдаланылатын болады. Бұл жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев онлайн жиын барысында айтты.

Қазақстанда індеттің белең алғанына 4 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде түрлі шектеулер енгізілді, қаулылар қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та бірнеше үндеу жариялады, жиын өткізді. Солардың кезектісі күні кеше Елорда төрінде өткен – вирустың таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңес. Отырыста ел Президенті бірқатар лауызымды тұлғаны сынның астына алды, тіпті ескерту жасады, сөгіс жариялады. Себеп – билік өкілдері тиісті жұмыстарды дер кезінде атқармаған, тиімсіз бастамаларды жүзеге асырған.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті:

– Биылғы 11-мамырда шектеулер алынғаннан кейін вирустың таралуы 7 есеге өсті. Бұл көп жағдайда бірқатар мемлекеттік органдардың жұмысындағы кемшіліктерге байланысты болып отыр. Мемлекеттік басқару жүйесінің орталық және жергілікті органдары Төтенше жағдай режимі тоқтағаннан кейінгі кезеңде тиімді жұмыс істеуге дайын болмағанын атап өту қажет. Ведомствоаралық комиссия өзіне жүктелген міндетті атқаруға шамасы жетпеді. Мұны ашық мойындау керек. Денсаулық сақтау министрлігі орталық және жергілікті билік органдарының жұмысын үйлестіре алмады.

Енді не істейміз? Іске білек сыбана кірісіп, індетті ауыздықтау қажет. Ол үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға екі күннің ішінде биылғы наурыз-мамыр айларындағыдай қатаң карантин режимін енгізу мәселесі бойынша ұсыныс әзірлеуді тапсырды. Бұдан өзге де міндеттерді жүктеді. Ал жақында ғана басшысы ауысқан Денсаулық сақтау министрлігі мынандай болжам мен ұсыныс әзірлепті. Назар салайық!

– Егер елде карантин енгізілмесе, тамыздың соңына дейін тәулігіне COVID-19-ды жұқтырғандардың саны 27 000-ға жетіп, ауруханаларда 300 мың орын тапшы болады

– Екінші болжам: тұрғындар екі апталық карантинде отырса, 24 сағатта коронавирусқа шалдығушылар саны 7 мың болады, ауруханадағы орын дефициті 80 мың болмақ.

– Үшінші нұсқа: 4 апта карантинде отырсақ, осы кезде тіркелушілер саны – 2500, ал орын жетіспеушілігі 30 мың болады.

Жергілікті дәрігерлер қолдап отыр. Олар адамдар жауапкершілік танытып, үйде отырса, үлкенді де, кішіні де әуреге салған індетті ауыздықтап қана қоймай, жоямыз дейді.

Руслан Тасов – №3 қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

– Карантин шараларының күшейтілгені дұрыс деп ойлаймын. Әйтпесе, тұрғындар барша елге тараған қауіпті індетке қарамай қонаққа барып, той жасап жатыр. Салдарынан науқастар саны да күн сайын көбеюде. Бұлай жалғаса берсе өңіріміздегі ауруханаларда да вирусты жұқтырғандарды жатқызатын орын қалмауы мүмкін.

Осы орайда, Президенттің тағы бір тапсырмасына тоқталайық. Мемлекет басшысы пандемияның екінші толқынын ескере отырып, шілденің соңына дейін жұқпалы дертке шалдыққандарға арналған төсек-орындарды 50 пайызға арттыруды жүктеді. Бұл үшін өңірлер барлық резервті, соның ішінде, жеке және ведомстволық медицина орталықтарын пайдалануы керек.

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімі тікелей эфирде тұрғындардың сұрақтарына жауап берді
Өңірде тағы 6 адамнан коронавирус табылды
Облыс әкімдігінің отырысы
“Біргеміз” қоры 4-ші рет мұқтаж жандарға көмек көрсетпек
Шал ақын ауданының әкімі ауысты
Бескөлдегі орталық жылыту қазандығы жөнделіп жатыр
Кадрлық ауыс-түйіс
СҚО-да карантин қағидалары қайта қатаңдатылды
Ғ.Мүсірепов ауданында биыл 234 км жол жөнделеді
Карантин қатаңдатылды
Жерлестерімізге Мемлекет басшысының медалі табысталды
СҚ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша – үздіктер қатарында