Қоғам

700-ден астам мемлекеттік қызмет үйде көрсетілген

5 ай ішінде солтүстікқазақстандықтарға 700-ден астам мемлекеттік қызмет үйде көрсетілген. Мұндай көмекке 1-ші және 2-ші топ мүгедектері, жастары 70-тен асқан қарттар, ҰОС ардагерлері мен жарымжан балалар ие болды.

Бұл бағыттағы жұмыстар қазіргі таңда да жүргізіліп жатыр. Ол үшін аталған санаттарға енген жандар немесе олардың қамқоршылары 1414 нөміріне қоңырау шалып, өтініш қалдырулары керек. Бұдан соң, тұрғындарға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының өкілдері хабарласып, кездесу орнын және уақытын белгілейді. Мамандар қауіпсіздік шараларына аса мән береді. Барлығы бетперде және антисептиктермен қамтылған. Оның үстіне жүздесу барысында қызметкерлер үйдің кіреберісінен әрі аспайды және әлеуметтік арақашықтықты сақтайды.

 

 

 

 

 

 

Бердимурат Баймухан