Ауыл шаруашылығыҚұқық қорғау органдары

Өңірде жыл басынан бері 16 мал ұрлығы тіркелген

Өңірде мал ұрлығы азайған. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде 61 факті тіркелсе, биыл 16 жағдай орын алыпты.

Барымташылықтың азаюна тәртіп сақшыларының алдын ала жүргізген шаралары себеп болған көрінеді. Төрт түлікті ұрлауға тосқауыл болатын тиімді әдістердің бірі – үшжақты келісімшарт екен. Құжатқа жануардың иесі, малшы мен жергілікті атқарушы билік өкілі қол қояды. Осылайша, заңды күші бар қағаз бақташының жауапкершілігін арттырады дейді тәртіп сақшылары. Бүгінде мұндай тәжірибе Аққайың, Мамлют, Тимирязев, Шал ақын мен Ғ.Мүсірепов аудандарында өз нәтижесін беріп отыр. Яғни, дәл осы аудандарда мал ұрлығы сиреген.

Маржан Касымбек