МТРА жаңалықтары

Энергетиктер қысқа дайындықтарын растаулары тиіс

Петропавлда энергия өндіруші, беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйым өкілдерінің жиыны өтті. Шара барысында іске жауапты мекемелерге күзгі және қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығын растайтын паспорт беру жайы талқыланды.

Мамандардың айтуынша бұл куәлік жергілікті атқарушы органдардан беріледі. Құжаттарды қабылдау жыл сайын тамыз айының 15-і мен қыркүйектің 30-ы арылығында, ал жүйелік оператор үшін 25-ші қазанға дейін жүргізіледі. Мұны электрондық үкімет порталы арқылы жасауға болады.

 

Бердимурат Баймухан