Білім

ҰБТ-2020

Маусымның 29-ындағы мәліметке сүйенсек, өңірімізде 2074 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде бақ сынаған. Қыз-жігіттердің 1278-і – ауыл жастары. Өлкемізде маңызды емтиханға қатысу көрсеткіші 73 пайызды құрап отыр.

Сынақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар негізінде өткізіліп жатыр. Емтихан алдында ұйымдастырылатын тексеріс кезінде 4 талапкердің дене қызуы жоғары екендігі анықталыпты. Енді олар білімдерін басқа күндері тексеріп көрмек. Мысалы, 3 жерлесіміз ертең, яғни маусымның 30-ында жергілікті университет қабырғасында тиісті тапсырмаларды орындайды. Айта кету керек, ҰБТ барысында ережебұзушылық фактілері тіркеліп, 7 азаматтың нәтижесі жойылыпты. Сондықтан, ортақ тәртіпке мойынсынбаған 2 адам тамыз айында қайта тестілеуден өтеді, 4-еуі қаңтарда алған сертификат бойынша жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отыр. Ал 1-еуі құжаттарын колледжге тапсырмақ. Бүгінге дейін шамамен мың жарым адам межелік деңгейді бағындырыпты. Өкінішке қарай, 200-ден астамы шекті баллды жинай алмаған.

Култанов Байболат