Құқық қорғау органдары

Скутер тізгіндегендер тексерілді

СҚО-да скутер тізгіндегендер тексерілді. Тәртіп сақшылары арнайы республикалық акция аясында / 7 күндік рейд жүргізді. Нәтижесінде, жалпы қос дөңгелекті көліктерді жүргізуге қатысты 300-ге жақын заңбұзушылық тіркелген.

– Скутер, остановитесь справа. Примите вправо, остановитесь.

Скутер тізгіндеген мына жасөспірім Партизанская көшесінде тоқтатылды. Бұл көлік құралын жүргізу үшін белгілі бір жасқа толу керек. Скутерге мінген ер бала жол қозғалысы ережесін жақсы білемін дегенімен, басты қағиданы естен шығарып алған сияқты.

Нарушитель:

– Я не знал то, что ездить с 14 лет запрещено.

Скутер балаға арналған ермек емес. Әжептәуір жылдамдықпен жүреді. Дыбысының өзі құлаққа жағымсыз деуге болады. Онымен жасы толмаған, қолдануды білмеген жан қалада жүйткіп жүре берсе көшеден сән кетеді, сәннен бұрын апат туындап, адам жапа шегуі мүмкін. Соңғы уақытта қалада скутер мінген жасөспірімдерді жиі байқауға болады. Оның тарапынан ереже ескерілмей жатса, ол – алдымен ата-анаға салық. Әке-шеше жазғы демалыста баланың қайда жүргенін, қалай жүргенін білуі керек дейді тәртіп сақшылары.

Азат Зейнолов – қалалық ПБ ППБҚ инспекторы: 

– Жаз мезгілі келісімен облыс орталығында скутер, мотицикл сияқты көлік түрлері көбейді. Тәжірбие көрсетіп отырғандай, бұл көлік түрлерін көбіне жасөспірімдер пайдаланады. Ал қос дөнгелекті көлік құралын басқару үшін жүргізушілердің жасы 16-дан кем болмауы тиіс. Бұл жүргізушілер қарапайым жолда жүру ережелерін сақтамайды. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары орын алады.

7 күннің ішінде облыс жолдарында қос дөңгелекті көліктерді жүргізуге қатысты 300-ге жақын заңбұзушылық тіркелген. 90-нан астам адамның тиісті құжаттары болмай шықты. 9 жүргізуші жылдамдықты асырса, 3-уі техникалық талапқа сай келмейтін көлікке отырған. Ал 7-уі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Бұл – ережені сақтауға деген немқұрайлылық немесе тіпті, ереженің өзін білмеу. Бұдан өзге себеп жоқ сияқты.

Дана Ешкенова