Қоғам

Үлгі боларлық іс

Үлгі боларлық іс. Петропавлдағы 9-шы бағыттағы автобустың жүргізушісі жолаушыларды салонның ішіне бетпердесіз кіргізбейдІ. Сергей Девятков өзіне қойылған талаптарды мүлт еткізбей орындайды. Жолаушыларды да санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Бұл видео кеше кешкісін Instagramда пайда болды. Мұнда қоғамдық көліктің жүргізушісі жолаушыны маскасыз ешқайда жеткізбейтіні туралы түсіндіріп, азаматты сыпайы түрде шығып кетуін өтінді. Аз уақыттың ішінде әлеуметтік желілерге тарап, 40 мыңнан астам қаралым жинап, халықтың қызу талқысына түсті.

– Жүргізушінің айтуы дұрыс. Осыдан кейін барлығы бетперде тағып жүреді деп үміттенемін. ауд:angelina41096 :”Барлығымызға да белгілі бір талаптар қойылды. Орындамайтын болсаңыз, жаяу жүріңіз.

Қоғамдық көлік жүргузішісін желі қолданушылары сынның астына алмай, керісінше, қолдау білдірді. Сонымен, бұл – Сергей Девятков есімді азамат. Сөзінше бұның барлығын танымал болу үшін емес, жолаушылардың денсаулығына алаңдағандықтан жасаған.

Сергей Девятков – қоғамдық көлік жүргізушісі:

– Кешегі жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Әрине, көбі бетперде тағып кіреді. Араларында тәртіпке бағынбайтындар да кезедесіп жатады. Ондай жолаушыларға “Маскаңызды тағыңыз!” деп ескертемін. Егер де ережені сақтамаса, аялдамада көліктен шығуын өтінемін. Қазіргі кезде санитарлық нормаларды қатаң сақтауымыз қажет.

Жүргізушілердің өздері де қорғаныс құралдарын әрдайым тағынып жүруілері керек. Тағы бір айналым жасап болғаннан кейін салонның іші толықтай тазалануы тиіс.

Сергей Девятков – қоғамдық көлік жүргізушісі:

– Жүргізушілерге де қойылған талап қатаң. Өз басым барлық ережені сақтаймын. Бетперде тағамын, салонның ішін зарарсыздандырамын. Антисептиктің толығып тұруын қадағалап отырамын.

Иә, талаптың аты талап. Сондықтан, осындай қиын кезде керісінше бір-бірімізге түсіністікпен қарап, қолдау көрсетуіміз қажет дейді Сергей Девятков.

Дана Ешкенова