Әр түрлі

Бүгін М.Жұмабаевтің дүниеге келгеніне – 127 жыл

Бүгін қазақтың әйгілі ақыны, Алаш қайраткері Мағжан Жұмабаевтің туған күні. Осыған орай арна тілшілері оның ұрпағы Гүлмира Бекеновамен жүздесіп, ақынның өмірі жайлы сұрады. Мағжан Жұмабаев кезінде Петропавлдағы колледждердің бірінде сабақ берген екен. Бүгін білім ордасының оқытушылары ақынның 127 жылдығына орай ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.

Қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы, ақиық ақын – Мағжан Бекенұлы Жұмабаев. Шын аты – Әбілмағжан. 1893 жылы бұрынғы Возвышен, қазір сол кісінің есімімен аталатын аудандағы Сасықкөл жағасында дүниеге келген. Ақынның дарындылығы бала кезінен ақ байқалған дейді ұрпағы Гүлмира Бекенова. Алаш арыстаны бесіктен белі шықпай жатып өлең жаза бастаған екен. Сол кезде оның жасы небәрі 4-те болыпты.

Гүлмира Бекенова – М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжі «Мағжантану» пәнінің мұғалімі:



Мағжан Жұмабаев өзінің қысқа ғана өмірінде қазақ елі үшін елеулі еңбек етті. Ауыл молдасынан сауат ашқан ақын білім іздеп Ресейдің бірнеше қаласында ұзақ жылдар бойы оқиды. Сол уақытта жерлесіміз Алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, «Садақ» пен балаларға арналған «Балапан» журналын шығаруға үлесін қосады. Біртуар тұлға халық ағарту жұмысына да белсене араласқан. Бүгінде ақын туралы деректер Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің музейінде бар. Жерлесіміз өзі де кезінде осы ғимараттың қабырғаларында сабақ берген екен.

Гүлмира Бекенова – Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі «Мағжантану» пәнінің мұғалімі:



Осыдан 82 жыл бұрын ақынға жалған айып тағылып Алматыда түрмеде жатқан жерінде ату жазасына кесіледі. Бірақ, Мағжан сенген жастар оның атын ешқашан ұмытпайды. Бүгін жерлесіміздің дүниеге келгеніне 127 жыл толып отыр. Атаулы датаға орай білім ордасында ақынды еске алу шарасы ұйымдастырылды. Бұған дейін Мағжанның құрметіне колледж студенттері жиналып мерекелік шара өткізетін. Қазір елдегі ахуалға байланысты ауқымды концерт болмады. Бірақ, жастар әлеуметтік желіде ақынның өлеңдерін әр тілде кезек-кезек оқуда.

Ал 10-ға жуық педагог бүгін колледж алдындағы Мағжан Жұмабаевтың ескерткішіне а гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Бердимурат Баймухан