МТРА жаңалықтары

«Үздік ауыл әкімі» байқауы өтуде

«Үздік ауыл әкімі» Осындай атаумен өңірімізде ауылдық округ және ауыл басшыларының арасында байқау өтіп жатыр. Оған 23 адам қатысуда. Сайыс жүлдегерлерін тұрғындар дауыс беру арқылы таңдайды.

Байқауда үздік әкім бірнеше көрсеткіш бойынша анықталады. Алдымен ауылдық округ басшысының осы күнге дейін атқарған жұмысы бақыланады. Алдағы жоспар қаралады? Егер де идеясы маңызды, ауқымды, халық үшін пайдалы болса, тиісінше жоғары ұпай еншілейді.

Елена Степаненко – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:

– Талап бойынша олардың кем дегенде бір жылдық тәжірибесі болулары қажет. Байқау барысында әкімдер өз ауылдары жайлы жобаны таныстырады. Тағы, атқарған жұмыстарын видео және слайд арқылы көрсетеді. Кімнің үздік атанатынын тұрғындар анықтайды. Яғни, облыстық әкімдіктің сайтына кіріп, өз дауыстарын береді.

Жалпы, республикалық статусқа ие ауыл және ауылдық округ әкімдерінің байқауы елімізде мамырдың 25-і күні бастау алды. Оған қатысу үшін 30 солтүстікқазақстандық өтініш білдірген. Үміткерлердің тек 23-і ғана іріктелініп алыныпты. Олардың 11-і – әйелдер, қалғаны ер азаматтар екен. Облыстық кезеңде бағын сынап жатқандардың арасында Қызылжар ауданындағы Рощин селосының әкімі Асан Ілияс та бар.

Асан Ілияс – Рощин селосының әкімі, Қызылжар ауданы:

– Мен мемлекеттік қызметшілердің жұмысын көрсетуге, ауыл әкімінің орны туралы баяндау үшін қатысып отырмын.

Жүлдегерлер маусымның 30-і күні анықталады. Үздік атанған әкім сайыстың республикалық кезеңіне қатысып, өңір намысын қорғамақ.

 

 

 

 

 

 

Маржан Касымбек