Қоғам

Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер

Тарихтан сыр шертетін құнды жәдігерлер. С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада көне әдебиеттер мен винилді пластиналар сақтаулы. Соңғыларының саны 2200-ге дейін жуықтайды. Алғашқы күйтабақтар мәдениет ошағына 70-ші жылдардың басында жеткізіліпті.

20-шы ғасырдың шедеврі. Евгений Доганың “Вальсі”-не Юнеско дәл осындай баға берген. Туындыны естімеген жан жоқ. Бірақ, винилді пластинаға жазылған әуен ерекше. Оны біздің камераның дыбысы да жеткізе алмайды. Ләззаттанып тыңдау үшін облыстық кітапханаға бару қажет.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

 – Тұңған тарих. Көрмедегі винилді пластиналарда 1917 жылдан бастап орын алған оқиғалар баяндалады. Алдымен дискілер саяси тұлғалардың өміріне арналыпты. Кейін өнер және әдебиет майталмандарының шығармалары жазылған. Мен үшін ерекшесі -мынау. Мұнда қазақ халқының ақыны әрі жазушысы Тұманбай Молдағалиев өзінің өлеңдерін өзі оқиды.

Шығармаларды автор пластинаға 1975 жылы жазған көрінеді. Винилді диск дәл сол кезде облыстық кітапханаға жеткізілген. Туынды мәдениет ошағының үлкен коллекциясын толықтырды. Қазір мұнда 2200 күйтабақ сақтаулы. Қазақтың әйгілі композиторлары Ахмет Жұбанов, Нұрғиса Тілендиев, күміс көмей әншілер Бибігүл Төлегенова мен Роза Рымбаеваның шырқап жүрген әндері де осында. Әлемді өз музыкасымен тамсандырған The Beatls ансамблін де жанды дауыста тыңдауға болады.

Наталья Чуряк – С.Мұқанов атындағы ОҒӘК бөлім қызметкері:

– Біздің кітапханаға өткен ғасырдың 70-ші жылдары алғашқы пластиналар жеткізілді. Мұнда лекциялардың үзінділері жазылған. Ғалымдардың, партия өкілдерінің еңбегі баяндалады. 73-ші жылы мәдениет ошағының қорында 60-тан аса күйтабақ болды. Олардың дені мынандай жұқа, пластиктен жасалған. Дискілер ерекше ұқыптылықты талап етеді.

Ұлы Отан соғысы туралы туындылар жазылған пластиналардың орны бөлек. 50-ге жуық жәдігер отты жылдардың сырын шертеді. Майданға қатысқан ақындардың естелік өлеңдері мен соғыс туралы әндер де бар.

 

 

 

 

 

Эльмира Садвокасова