Аптадағы маңызды жаңалықтар

Демалыс күндері карантин қағидалары күшейтіледі

Демалыс күндері өңірде карантин қағидалары күшейтіледі. Бүгін облыстың бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасов жаңа қаулы қабылдады.

Онда бірнеше шектеу шаралары көрсетілген. Мәселен, маусымның 27-ші және 28-ші жұлдыздарында көрші-қолаң, туған-туыс, дос-жаранмен араласуға және тұрғылықты жерде отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. 2 күні бойы сауда орындары, оның ішінде супермаркеттер мен гипермаркеттер жұмыс істемейді. Тұрғындар қажетті дүниені үй жанындағы дүкендерден ғана ала алады. Сонымен қатар, аудан және қала ішінде жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтайды.

 

 

 

 

Култанов Байболат