Құқық қорғау органдары

Полиция қызметкерлері марапатталды

23-ші маусым – Қазақстан полициясы күні! Атаулы датада 100-ден аса жергілікті маман құрметке бөленді. Өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып жүрген жандарға түрлі деңгейдегі марапат тағайындалды.

Қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөлімі күніне жүздеген қоңырау қабылдайды. Түн ортасы ма әлде таң енді атты ма – айырмашылық жоқ. Тәртіп сақшылары шағым түсісімен бірден оқиға орнына аттанады. Ұрыларды ұстап, қылмыскерлердің ізіне түседі, оларды құрықтайды. Ісін абыроймен атқарып жатқан жандардың еңбегі мақтауға тұрарлық.

Бахытжан Альбеков — СҚО ПД штаб бастығың орынбасары:

– Полиция қызметкерлерінің міндеті – әділдік орнату, жәрдемге мұқтаж жандарға көмек қолын созу. Әсіресе, карантин кезінде мамандар күшейтінген режимде жұмыс істеп жатыр. Тіпті, отбасыға көңіл бөлетін уақыт та болмайды.

Бүгін – тынымсыз қызмет етіп, ел тыныштығын қамтамасыз ететін полицейлердің төл мерекесі. Бұл күні қалалық полиция басқармасының кезекшілік бөліміндегі бірталай маманның шені өсті. Лауазымы жоғарылаған жандарды облыстық ПД штаб бастығының орынбасары Бахытжан Альбеков құттықтады.

Бахытжан Альбеков — СҚО ПД штаб бастығының орынбасары:

 – Мамандарды бүгінгі төл мерекесімен құттықтаймын. Шаңырақтарыңыз берекеге толы болсын. Полиция маманы болып жұмыс істеу үшін таудай сабыр керек. Өйткені, қызмет жолында түрлі жағдай орын алады. Сіздерге қажымас қайрат тілеймін.

Айта кетейік, шара барысында 100-ден астам полиция қызметкері марапатталды.

 

 

Маржан Касымбек