МТРА жаңалықтары

Облыстағы ХҚКО онлайн режимде жұмыс істеуде

Онлайн режимдегі жұмыс жалғасуда! Облыстағы халыққа қызмет көрсету орталықтарынан құжаттарды электрондық форматта алу қажет. Себебі, адам көп шоғырланатын мұндай орындарда індетті жұқтырудың қаупі жоғары.

Жаңа тәртіпке Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов пен Ғ.Мүсірепов аудандары да көшкен. Осыған дейін аталған өлкедегі мекемелер бұрынғы қалыпта жұмыс істеген болатын. Айта кетейік, тұрғындардың өздеріне қажетті құжаттар мен ақпаратты еgov.kz порталы немесе telegram.bot арқылы алуға мүмкіндіктері бар. Ал заман игілігінің тілін түсінбейтін немесе техникалық құралдары жоқ жандардың орталыққа келуіне рұқсат етілген.