ТЖ

54 жасар азамат тілсіз жаудан көз жұмды

Тілсіз жаудан көз жұмды. Маусымның 15-сі күні Аққайың ауданында қайғылы жағдай орын алды. Рублевка ауылының тұрғыны өз үйінде жанып кетті.

Мерт болған азамат – 66-шы жылы туылған ауыл тұрғыны. Оның денесі өрт сөндіріліп біткеннен кейін ғана табылған. Оқиға кешкі 7-лер кезінде орын алған екен. Құтқарушы мамандар отты сағат 21:38-де өшіріпті. Қызыл жалынды ауыздықтауға жергілікті серіктестіктің де техникалары жұмылдырылған көрінеді. Қазір мамандар тілсіз жаудың неден пайда болғанын анықтау үстінде. Ал өткен дүйсенбі күні Петропавлда 5 қабатты жатақханадан өрт шықты. 4-ші қабаттан лаулаған от 5 шаршы метр аумақты шарпыпты. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, жалыннан баспалдақты марш арқылы 2001-ші жылы туылған нәзікжанды құтқарылды.

Игорь Жуков – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Оқыс оқиға 15-ші маусым күні қаладағы Партизанская көшесінде орын алды. Бұл туралы хабар құтқарушыларға сағат 1 жарым кезінде түседі. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер 10 минуттың ішінде ауыздықтады. Сондай-ақ, ғимараттың ішінен 119 адам эвакуацияланды. Олардың 23-і – бала.

Бердимурат Баймухан