МТРА жаңалықтарыҚұқық қорғау органдары

Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді

Қос мылтық пен еліктің етін орманға жасырып қойған. Шал ақын ауданына қарасты Минеевка ауылының маңында заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. Өткен жексенбі күні аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейд өткізген болатын.

Шара барысында олар аң ауланатын алқаптарды аралап, бақылау жүргізді. Сол сәтте тәртіп сақшылары қашып бара жатқан «Лада» көлігін көріп қалады.

Құйындай жүйткіген көлікті Ортакөл ауылының 31 жастағы тұрғыны басқарған. Ақыры  заңсыз аң аулауға 3 адамның қатысы бары анықталды. Браконьерлер Сібір елігінің еті мен мылтықтарды орманның әр жеріне жасырып үлгерген екен. Қазіргі күні заңсыз қару сақтау фактісі бойынша әкімшілік материалдар жиналып, заңсыз аң аулау бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бердимурат Баймухан