COVID-19: Қазақстан

Өңірде COVID-19 жұқтырғандардың саны 225-ке жетті

Өңірде өткен тәулік ішінде коронавирус жұқтырған тағы 27 адам анықталды. Науқастардың 15-і – Петропавлда, ал қалғаны аудандарда тіркелген.

Бойынан індет табылған жерлестеріміздің бәрі Петропавлдағы қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Олардың жағдайларын дәрігерлер бірқалыпты деп бағалауда. Осылайша, кешкі 6-дағы мәліметтерге сәйкес СҚО-да COVID-19-ға шалдыққандардың саны 225-ке жетті. 58 науқас емделіп шыққан. Ал індет белгілері байқалмайтын, симптомсыз сырқаттанушылардың саны – 65.
Мамандар статистиканың күрт өсуіне тұрғындардың жауапсыздығы себеп болып отыр дейді. Сондықтан, дәрігерлер солтүстікқзақстандықтарға денсаулықтарына барынша мұқияттылық танытып, қоғамдық орындарда маска тағу қажеттігін ескертті.

Эльмира Садвокасова