МТРА жаңалықтары

Ауылын алға тартқан кәсіпкер

Ауылын алға тартқан кәсіпкер. Мамлют ауданына қарасты Афонькино елді мекенінде 11 км жол жөнделіп жатыр. Бұл тас жол  ауылды Петропавл-Пресновка бағытындағы трассаға жалғайды.

Шаруаны бастап берген  сол аймақта тұратын Қанат Бекенов есімді кәсіпкер екен. Азамат 30 жылдан бері ауыл шаруашылығымен айналысады: егін егеді, қара мал өсіреді. Жомарт жан биыл өз қалтасынан 2 жарым млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттама жасап, істің басталуына себепкер болыпты. Сонымен қатар, ол / Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап тұрғызылған ескерткішті өз күшімен қайта қалыпқа келтірген. 30 жыл бұрын орнатылған мына таста / соғыс жылдары қаза тапқан жергілікті майдангерлердің есімдері бейнеленген. Бірақ, темір тақтаға қашап жазылған жазбаларды тат басып, өшіріле бастаған көрінеді. Содан кәсіпкер темірді мәрмәрмен алмастырып, жерлестерінің есімін бағалы тасқа қайта қашапты. Мұны ол Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай жасадым дейді.

Қанат БЕКЕНОВ – кәсіпкер, Мамлют ауданы:

– Біз мәрмәр плиталарды қаладан әкелдік. Және осы тақтаның екі жағындағы екі ескерткішті қайтадын боядық. Мұның барлығына 1,5 млн қаржы кетті. 

Бердимурат Баймухан