Қоғам

“Елбасы медалі” жобасы аясында өтініш қабылдау жүріп жатыр

“Елбасы медалі”. Биыл осындай атаумен ел көлемінде тың жоба іске қосылған болатын. Ол 3 деңгейден тұрады.

Жобаның 7 бағыты бар: спорт, кітап оқу, дарын, ұлттық мұра, еріктілік, туристік саяхат пен еңбек тәжірибесі. Соңғы екеуіне қатысты жұмыстарды қабылдау  коронавирусқа байланысты әзірге тоқтатылған. Ал өзгелері бойынша тиісті тапсырмаларды арнайы платформаға өтініш қалдырып, білуге болады. Жоба аясындағы байқаудың алғашқы деңгейінің нәтижесі 1-ші желтоқсанда жарияланады екен. Жалпы, жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады. Бүгінде тың бастама аясында бағын сынап көруге 500-ден астам солтүстікқазақстандық ниет білдіріпті.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Жобаға қатысу, әсіресе, талапкерлер үшін тиімді болмақ. Мәселен, алдағы уақытта белгілі бір мамандыққа оқуға құжат тапсырған жастардың ұпайлары тең болған жағдайда аталған медаль иегерінің білім грантын немесе облыс әкімінің грантын алуға мүмкіншілігі еселей түседі.

Актолкын Солтанханкызы