МТРА жаңалықтары

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

Статистиктер СҚО-ның алғашқы 5 айдағы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады. Сандарды сөйлетер болсақ, қаңтар мен мамыр аралығында өлкемізде тұрғын үй тапсыру 15, инвестициялар көлемі – 14, құрылыс жұмыстары – 8, ал өнеркәсіп шамамен 7 пайызға артқан.

Ал жетекші сала саналатын ауыл шаруашылығындағы өсім 2,5% құрайды. Оның үстіне, агросектордағы жалпы ішкі өнім көлемі 5 айда 56 млрд. теңгеге жеткен. Нақтырақ айтар болсақ, 33 мың тонна ет саудаға шығарылған, 190 мың тоннадай сүт сауылған, тағы жұмыртқаның 241 млн. данасы өндірілген. Өнеркәсіптегі ахуал да жаман емес. Бұл саладағы өндіріс ошақтары қаңтар мен мамыр аралығында 111 жарым миллиард теңгенің тауарын шығарған. Бөлшек сауда көлемі 5 айда 84,8 млрд. тенгені құрапты. Ең қызығы, аталған соманың шамамен жартысы – азық-түлікке тиесілі. Өсім -10 процент.

Саят Ермек