Құқық қорғау органдары

«Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы

Өңірде «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аяқталды. Оның аясында жергілікті полицейлер белгілі бір мекен жайларға барып, тұрғындармен тілдесті.

Әңгіме барысында заңбұзушылықтардың алдын алу жайы және түрлі қиындыққа тап болған жанұя мүшелеріне көмек көрсету туралы айтылды. Бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары экранда көрсетілген «102» немесе 39-48-56 телефон нөміріне қоңырау шалып, жағдайды жеткізе алады. Тағы, 8-708-432-45-61 WhatsApp нөмірі бойынша да байланысқа шығуға мүмкіндік бар. Жалпы, жыл басынан бері
өңірде 24 отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркеліпті. Көбіне мұндай заңбұзушылықтарды ішімдікке сылқия тойып алған жандар жасаған екен. Мысалы, жақында петропавлдық азамат ащы судан ұрттап, үйінде ұрыс шығарған.

Альбина Балтабаева – қалалық ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы:

– 2-ші полиция бөлімінің учаскелік полиция пунктіне 1976 жылы туған азамат алкогольдік масаң күйде екені туралы ақпарат келіп түсті. Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғалды. Осы бап бойынша ескерту немесе бес тәулік мерзіміне әкімшілік қамау қарастырылады.

Дана  Ешкенова