Денсаулық сақтау

Мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды

Өмір сыйла – донор бол! Халықаралық донор күніне орай мемлекеттік қызметшілер / шарапаты мол шараға қатысты.

Облыстық қан орталығына мамандар өткен жұмадан бері баруды жиілеткен. Мақсат бір – құндылығы алтыннан да қымбат әрі тапшы дүиені өткізіп, хал үстінде жатқан адамның өмірін сақтап қалуға үлес қосу. Бүгінгі игі шараға 20-дан аса мемлекеттік қызметші келді. Әрқайсысы 450 миллилитрден қан тапсырды. Араларында “Құрметті донорлар” да бар. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жергілікті департаментінің бас маманы Дархан Кәрімжан бұл қадамын азаматтық парыз деп санайды. Ол жылына 2 рет қан тапсырады екен.

Дархан Кәрімжан – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің бас маманы:

– Қан тапсыруға 2013 жылдан қатысамын. Менің ойымша, бұл – әр азаматтың борышы. Менің көмегім біреуге септігін тигізіп жатса, қуанамын. Қан орталығына жылына 2 рет келуді өзіме міндет қоямын. 

Дана Сәлімқызы