Мәдениет

Әлем таныған Абай

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналып онлайн лекция ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желіде өткен тікелей эфирде көрерменнің саны 50-ден асты. Облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері кітапханадағы Абай орталығына жиналып, ақынның шығармаларынан үзінді оқыды. Зейнеткер Амангелді Жүсіпов біртуар тұлғаның қаламынан туған өлеңдердің мәнісі мен тәрбиелік маңызына тоқталды.

Амангелді Жүсіпов – облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі: 

–  №101 Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің, Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым… Біз енді Абайдың өлеңдерімен өскенбіз, көбін жатқа білеміз. Бүгін Абай атамыздың 175 жылдығына келіп тілегімізді білдіріп отырмыз. Ол кісінің еңбегі зор, жастарды тәрбиелеу ісінде көп пайдасы тиеді деп бәріміз осында келіп отырмыз.