“Газель” автокөлігі “Джон дир” тракторына соғылды

Құқық қорғау органдары

21:31 15 Маусым 2020

Маусымның 12-сі күні Петропавлда жол-көлік оқиғасы орын алды. Кешкі 10-дар шамасында Жабаев пен Челюскин көшелерінің қилысында “Газель” автокөлігі мен кранды сүйреп келе жатқан “Джон дир” тракторы қақтығысты.

Кінәлі – “Газель”-ді тізгіндеген тұлға. Аққайың ауданының орталығы Смирново селосының 69-шы жылғы тұрғыны арақашықтықты сақтамай, кранға соғылған. Және құқық қорғаушылар келгенше апат болған жерден жасырынған. Дегенмен, көп кешікпей ережені елемеген азамат анықталды. Оған хаттама толтырылыпты. Алдағы уақытта жерлесімізге айыппұл салынуы немесе ол жарты жылдан 3 жылға дейінгі аралықта жүргізуші куәлігінен айрылуы мүмкін.

Алмас Еркешов – қалалық ПБ патрульдік полициясы батальонының инспекторы:

– Жол жүру ережесін бұзу бойынша ҚР ӘҚБтК 610 бабы 1 бөлімі бойынша материал жиналды. Және материал процессуалдық шешім қабылдау үшін сот органдарына жіберілді.

Наталья Ибадулла

 

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-да жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты
“Жолда қабылдау” акциясы өтті
СҚО-да ірі көлемде марихуана тәркіленді
Петропавлда жол-көлік апаты орын алды
Петропавлда қомақты көлемде ақша ұрлаған ұры ұсталды
СҚО-да «Жолда қабылдау» акциясы бастау алды
Жыл басынан бері өңірде 4 адам пойыз астына түсіп, мерт болған
Биыл Петропавлда 183 интернет-алаяқтық фактісі тіркелген
38 жастағы алаяқ құрықталды
Автобустар мен сауда орындарындағы ереженің еленуі тексерілді
Заманауи бейнекамералардың көмегімен 1 мыңнан аса құқықбұзушылық анықталды
Мотоцикл жүргізушілері жауапкершілікке тартылды