Мәдениет

“Бұлбұлдар түні” қойылымы сахналанды

Көптен күткен спектакль сахналанды! Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры “Бұлбұлдар түні” қойылымын ұсынды.

Бірақ, су жаңа туынды көрермендерге емес, мәдениет ошағының көркемдік кеңесіне көрсетілді. Жоспар бойынша премьера Ұлы Жеңіс күні қарсаңында ұйымдастырылуы тиіс еді. Алайда, елдегі жағдайға байланысты ол кейінге қалдырылды. Әртістер қызу әзірленіпті. Олар 2 ай көлемінде дайындық жүргізген екен. Жалпы, “Бұлбұлдар түнінде” 2-ші Дүниежүзілілік соғыстан кейінгі қызыл әскердің өмірі баяндалады. Және Германияның шағын қалашығында тұратын неміс қызы мен жауды жермен жексен еткен кеңес жауынгерінің махаббаты суреттеледі. Спектакльдің қоюшы-режиссері – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Елена Покрас.

Елена Покрас – Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі:

– Өнерсүйер қауым бұл спектакльді асыға күтуде. Қазір карантин. Сондықтан жақын арада қойылым көрерменге жол тартпайды. Оның тұсау кесері жаңа маусымға жоспарланып отыр. Жуырда театр ұжымы жазғы демалысқа шықты. Келесі маусымда кездесеміз, тұрғындарды қуантамыз деп ойлаймын.