ТЖ

Астық сақтау қоймасы отқа оранды

Қызылжар ауданында төтенше жағдай орын алды. Маусымның 12-сі күні таңертең Кондратовка селосындағы серіктестіктердің бірінде өрт оқиғасы тіркелді. Мұнда астық сақтау қоймасы отқа оранды. Қызыл жалын жайлы хабар мамандарға 5-тен 36 минут кеткенде түседі. Ақпарды ала сала 11 техникаға мінген 40 құтқарушы бірден елді мекенге жеткен.

Мамандар тілсіз жаумен 4 сағаттан астам уақыт бойы күресіп, 10-нан кеткенде  толыққанды ауыздықтайды. Және өрттің жақын маңдағы нысандарға өршіп кетуіне жол берген жоқ. Дегенмен, бірқатар материалдық шығын тіркеліп отыр. Мың шаршы метрден аса аумақтың жануы салдарынан 748 тонна ұн, 20 тонна кебек бүлініп, 1 техникаға зақым келген. Абырай болғанда, адам шығыны жоқ. Қазір өрттің неден туындағаны анықталып жатыр.