Құтқарушылардың рейдтік шаралары жалғасуда

ТЖД

22:11 11 Маусым 2020

Жаз басталғалы облыстың өзен-көлдерінде 3 адам суға кетті. Қайғылы жағдай қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан орын алған дейді құтқарушылар. Яғни, тұрғындар рұқсат етілмеген жерлерде шомылған. Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін мамандар рейд шараларын күшейтті.

Айта-айта жауыр болған тақырып. Көктем келіп, мұз жұқарды ма – балықшыларға, жаз келіп, күн ысыды ма суға түсушілерге судағы қауіпсіздік қайта-қайта айтылады. Жадынама қағаз таратылады, рейд ұйымдастырылып, түсіндіру шарасы өткізіледі. Бірақ, соны естір құлақ болса…Естіп алып, қаперге түймейтіндер де табылады. Оның соңы суда қайғылы аяқталуы мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін құтқарушылар қазір алдын алу шараларына екпін берген. Қауіпсіздік ережесі қарапайым, оны көкірегі ояу адам үшін ұстану қиынға соқпас.

Жазира Қожахметова – СҚО ТЖД ақпараттық-талдау тобының бас маманы:

– Рейд барысында біз азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде ескертеміз. Алдымен жағажайда жүріп жадынамалар таратамыз, суда қайықпен шомылуға рұқсат етілмеген жерлерді аралаймыз.

Шомылуға рұқсат етілген де, рұқсат етілмеген де жерлер бар. Судың асты толық зерттелмеген, ал өзеннің түбі ағысқа қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Бір қалыпты келе жатқан судың асты бірден шұңқырға жалғасып кетуі де ықтимал. Сол себепті, шомылуға болатын аймақ арнайы белгімен белгіленген. Одан адам асты ма ағын оның күшіне қарамайды, ағызып әкетуі әбден мүмкін.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімшесінің басшысы:

– Күн сайын біз қайықпен суда рейд жұмыстарын жүргізіп отырамыз. 4 қайығымыз бар. Күніне шомылуға рұқсат етілмеген 35-тен аса жерді аралап шығамыз.

Жалпы, облыс аумағында шомылуға рұқсат етілген 58 су айдыны бар. Оның екеуі – Петропавлдың маңында.

 

 

 

 

 

Диана Еісм

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда өрттен 57 жастағы ер адам қаза тапты
М.Жұмабаев ауданында өрттен 1 адам қаза тапты
СҚО-да 27 жастағы қостанайлық жігіт суға батып кетті
Жыл басынан бері қалада 106 өрт оқиғасы тіркелген
СҚО-да 400-ге жуық ірі кәсіпкерлік нысанында өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған
Өзен-көлдерде рейд жүріп жатыр