МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қағазбастылықтан арылу. Бүгінде атқарушы билік органдары осындай форматқа ауысып жатыр.

Қазір облыстық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік қызметтің 4 түрін көрсетеді. Оның 3-еуі цифрлы негізде жүргізіледі. Олар – экологиялық сараптама қорытындысын бекіту, қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру. Аталған құжаттарды тұрғындар үйден шықпай-ақ egov.kz порталы арқылы ала алады. Ал ағаш кесу және орман билеттерін алу үшін қағаз толтыру керек. Жалпы, былтыр Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 4 мыңнан астам қызмет көрсетіпті. Бұл жайлы өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында ведомство басшысы Бейбіт Исманов мәлім етті.

Бейбіт Исманов – СҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– 2020 жылдың 1 тоқсанында басқарма 935 қызмет көрсетті. Оның 381-і – қағаз жүзінде, ал 554-і электронды форматта жүргізілді. Қаңтар-наурыз айлары аралығында тұрғындар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдар түскен жоқ. Барлық іс уақытында тындырылды.

 

 

Дана  Ешкенова