Қоғам

Діни ұйымның атынан қоңырау шалып, мазалаған

Бәзбіреулер қоңырау шалып мазалай береді. Не істесем болады? Осындай сұрақпен бірер күн бұрын жерлесіміз әлеуметтік желіде пост жазыпты. Мұнда ол белгісіз бір діни ұйымның атынан хабарласқан жандар қояр да қоймай үгіт-насихат жүргізгенін айтып шағымданады.

– Админ прошу пропусти!! Просто уже нет сил терпеть! Моей матери (она пенсионерка) неоднократно названивали сектанты. По началу мама решила что это благотворительность и выслушала их, но потом они назойливо начали приставать и говорить о какой то иегове. Я уже брал трубку и ругался с ними, но они через какое то время снова начали названивать!! Может кто сталкивался, что мне делать?» (грамматика и пунктуация автора сохранены.)

–  Өтінішті шығарыңызшы. Төзімім таусылды. Менің зейнет жасындағы анама сектанттар бірнеше рет қоңырау шалды. Басында анам оларды қайырымдылықпен айналысып жүрген болар деп ойлап қалды. Кейін қайта-қайта мазаны ала берді, «Иегова туралы айтты. Мен олармен ұрсысуға дейін бардым. Мұндай жағдайға кезіккендер бар ма екен? Мен не істеуім керек?

Жерлестеріміздің бірі 2 күн бұрын әлеуметтік желіде осындай жазба қалдырған екен. Айтуынша бәзбіреулер оның анасына жиі хабарласып, діни ұйымның атынан үгіт-насихат жүргізген және мазалаған көрінеді. Тұрғын аты-жөнін көрсетпепті. Яғни, анонимді түрде кеңес сұраған.
Жерлесіміз жазған «Иегова» деген не? Мәселенің мән-жайын білу үшін облыстық қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандарына жүгіндік.

Олег Синяков – СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшы-талдаушысы:
– “Егова” тыйым салынған діни ұйым емес. Ол Қазақстанда заңды түрде тіркелген. Ал біздің өңірде 2004 жылы тіркелді. Қазіргі күні елімізде рұқсат етілген 18 діни конфессия бар. Егова да солардың қатарына енеді.

Осы орайда мынаған назар аударған жөн. Ел аумағында тіркеліп, рұқсат берілген діни конфессия өкілдеріне тұрғындарға телефон шалып, қағаз тарату арқылы халықты сенімге шақыруына тыйым салынған. Ондай заңбұзушылық тіркелсе тиісті шара қолданылады.

Олег Синяков – СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығының сарапшы-талдаушысы:

– Бұл конфессиялар өз діни ғимараттарынан тыс жерде үгіт-насихат жүргізе алмайды. Мәселен, жұртқа қағаз, кітапша таратуларына тыйым салынған. «Егова» ұйымының өкілдері осыдан бірнеше жыл бұрын ғана жаднама үлестіргендері үшін жауапқа тартылған еді. Кейін онда жағдай қайталанған жоқ.

“Егер қандай да бір адамдар жоғарыда айтылғандай үгіт-насихат жүргізетін болса, тұрғындар бірден облыстық қоғамдық даму және ақпарат орталығына хабарласулары тиіс”-, дейді мамандар. Және орталық өкілдері жерлестерімізге ғаламтордан діни ақпарат іздемеуге кеңес береді.

 

 

Бердімұрат Баймұқан