Қоғам

Қалалық жағажайда абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр

Өңірде 4 күннен бері ауа температурасы 30 градустан түскен жоқ. Артық айтылғандық емес. Дала шыжып тұр. Жасыл желектен сая таппаған жандар өзен-көлге қарай жылжуда.

Суға шомылып, салқындасам дейді. Бірақ, сол жағажайда тиісті жағдай жасалған ба екен? Есіл бойындағы суға түсуге арналған жерде қазір абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты іс жергілікті мердігерге сеніп тапсырылған. Жұмысқа саусақпен санарлық маман жұмылдырылса да бәрін тыңғылықты атқарып жатса керек. Әзірге, бұрын ойдым-ойдым болған құм тегістеліпті, қоқыс жәшіктері қойылған. Көлеңкелі қолшатырлар мен жатып демалуға арналған орын-жайлар орнатылған. Барлығы – отандық өнім. Тағы, балаларға арналған бассейнді жөндеп, демалыс аумағын жарықтандыру да жоспарланып отыр. Тиісті шаруаны осы аптаның соңында аяқтау көзделуде.

Бауыржан Райымқұлов – мердігер кәсіпорынның өкілі:

–  Шезлонгтарға Алматы қаласынан заказ беріп қойдық. Олар 2-3 күнде келеді. Сонымен қатар, демалуға арналған жатақтар болады. 2-3 күнде бітіреміз. Зонт бәрі дайын, орнатамыз.