Құқық қорғау органдары

Жалған ақша жасағандарға қатысты сот үкімі шықты

Петропавлда жалған ақша жасап, айналымға енгізген жандарға қатысты сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетейік, үстіміздегі жылдың алғашқы тоқсанында 3 адам Қазақстан аумағына әрқайсысы 500 евро болатын 200 заңсыз банкнот әкелген. Сөйтіп, айналымға енгізген. Алаяқтар өздерінің арам ойларын Солтүстік Қазақстанда ғана емес, республиканың өзге де облыстарында жүзеге асырыпты. Дегенмен, қылмыстық топтың ісі көпке созылмады. Олар наурыз айында ұсталды. Құрықталғандардың екеуі – петропавлдық, біреуі Ресей Федерациясының азаматы екен. Соттың шешімі бойынша соңғысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Онымен қоса Қазақстан аумағына кіруге шектеу қойылды.

Абласан Құрбанов – СҚО экономикалық тергеу департаменті басшысының міндетін атқарушы:

– Жалған ақшаларды жасаумен айналысқан Солтүстік Қазақстан облысының азаматтары да тиісті жазасын алды. Оларға да сот үкімі бойынша 5 жылға бас бостандығанан айыру туралы шешім қабылданды. Ол жаза шартты болып есептелді.

Актолкын Солтанханкызы