МТРА жаңалықтары

2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар айналымнан шықты

Ұлттық банк хабарлайды! Маусымның 11-і, яғни ертеңнен бастап 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноталар айналымнан толықтай шығарылады.

Нақтырақ айтар болсақ, бәйтерек пен ашық алақан бейнеленген қағаз ақшаны енді дүкен кассалары мен терминалдар мүлде қабылдамайтын болады. Ал 2017 жылғы үлгідегі банкноталар баяғыша төлем құралы болып қала бермек. Айта кеткен жөн, ескі 500 теңгелікті кез келген екінші деңгейлі қаржы ұйымындағы яки Ұлттық банктің облыстық филиалындағы кассаларға барып, жаңасына айырбастап алуға болады.

Александр Афанасьев – “ҚР Ұлттық банкі” РММ СҚОФ касса меңгерушісі:

– Мұндай купюралары бар азаматтарға асығудың еш қажеті жоқ. Ескі банкноталарды екінші деңгейлі банктер 12 ай, ал Ұлттық банктің жергілікті филиалы 3 жыл бойы қабылдап, айналымдағы ақшаға айырбастап береді. Біздің кассалар таңғы 9-дан күндізгі 3-ке дейін жұмыс істейді. Қолыңызда міндетті түрде жеке куәлігіңіз болуы қажет.

Саят Ермек