Құқық қорғау органдары

Өткен жылы полиция қатары 80 жас маманмен толыққан

Былтыр жергілікті полицейлердің қатары 80 жас маманмен толыққан. Қызметкерлердің арасында.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, іске кіріскен жандардың 21-і – білім ордасын тәмамдаған қыз-жігіттер. Бұл жоғарғы оқу орны мен облыстық полиция департаменті арасында қабылданған меморандум аясында мүмкін болып отыр. Аталған құжатта қолдарына диплом алған жастарды құқық қорғау саласында еңбекпен қамту көзделген екен. Бұл бағыттағы шаруа биыл да жалғасын табады. Үстіміздегі жылы 30 адамды полиция қызметкерлерінің қатарына қабылдау жоспарланған.

Альбина Қыпшақбаева – қалалық ПБ әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы:

– Меморандумды іске асыру шеңберінде полиция департаментінің қызметкерлері ауқымды кәсіптік бейіндеу жұмыстарын жүргізді. Бізді экскурсияларға апарып, полицияның тарихымен, болашақ қызметімізбен таныстырды. 

Бала кезімнен медицина қызметкері болып ақ халат киюді немесе полиция қызметкерінің формасын киюді армандадым.

Қанат Секебаев – қалалық ПБ кадр саясаты бөлімінің инспекторы:

– Оқу орындарында оқып жатқан жастарды полиция қатарын толықтыруға шақырамын.