Құқық қорғау органдары

Мамлюткада көлік суға түсіп кетті

Ал кеше Мамлют ауданының орталығында жеңіл көлік суға түсіп кетті. Оқиға кешкі сағат 5 кезінде болған. 44 жас шамасындағы ер адам рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, суға күмп ете түскен.

Қандай жылдамдықпен жүргені белгісіз, суға кіргенде көлігі аударылып қалған. Белгілісі, машинада өзі жалғыз болған және ішімдік ішіп алған көрінеді. Абырой болғанда, жолда ешкімді соқпаған әрі өзі де дін аман. Рөлге масаң күйде отырған ер адам бұл ерсі қылығы үшін енді 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.

Сән Жұмағазина – СҚО ПД бас маманы:

– Ниссан Альмера Классик маркалы автомашинасының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кетіп, көлге аударылған. Масаң күйде көлік басқару фактісі бойынша ҚР ӘҚтК 608-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды.

Бердимурат Баймухан