Ауыл шаруашылығы

АӨК-ні сақтандырудың жаңа жүйесі

Агроөнеркәсіптік кешендегі өзгерістер! Ауыл шаруашылығы саласында сақтандырудың тың жүйесі пайда болды.

Онда бірқатар жаңашылдықтар көрсетілген. Енді іскер жандар өздеріне тиесілі алқаптарды 2004 жылы қабылданған ережеге сәйкес міндетті емес, ерікті түрде сақтандыра алады. Тиісті шаруа аграрлық сектордың барлық бағыттарында атқарылады. Яғни, фермерге кез келген дақыл түрі өсірілетін аумақтарды сақтандыруға болады. Іс барысында кәсіпкерлерге мемлекеттен қолдау көрсетіледі. Нақтырақ айтсақ, сақтандыру сыйақысының 50%-ы Үкімет тарапынан субсидияланады. Ол үшін биыл ел қазынасынан шамамен 2,5 млрд теңге бөлініпті. Жергілікті диқандар келісім-шарт жасасуға асыққандары жөн. Себебі, өтініштер келесі дүйсенбіге дейін ғана қабылданады. Айта кетейік, құжаттар Qoldau.kz электрондық платформасында рәсімделеді.

Абылай Нұркенов – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ СҚОФ директоры:

– Құрғақшылықтан сақтандыруға өтініштер маусымның 15-іне дейін қабылданады. Сақтандыру мерзімі 3 айға созылады. Ал күзге таман артық ылғалдан сақтандыруға құжат қабылдаймыз. Осы орайда жерлестерімізді белсенділік танытуға шақырамыз. 

Актолкын Солтанханкызы