Құқық қорғау органдары

Зейнеткерді тонамақшы болған баукеспе құрықталды

Арам ойы іске аспады! Петропавлда зейнеткерді тонамақшы болған баукеспе құрықталды.

Өткен аптада бәзбіреу 65 жастағы нәзікжандының жеке затын тартып алуға талпынған. Оқиға желісін баяндай кетейік. Шаһар тұрғыны тапа-тал түсте қаланың орталық көшелерінің бірімен келе жатыпты. Сол кезде қылмыскер азаматшаның мойнындағы алтын алқаны жұлып әкетуге әрекет жасайды. Бірақ, мұнысынан түк шықпайды. Жақын маңда жүрген адам көмекке келеді. Одан заңбұзушы қорқып, ізін суытқан. Ал зейнеткер бірден 102 нөміріне қоңырау шалады. Жедел-іздестіру шараларының барысында баукеспе ұсталды. Ол – 36 жастағы Петропавл тұрғыны. Қолға түскен адам  бұған дейін де осыған ұқсас әрекет жасағаны үшін сотты болыпты. Қазіргі күні оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бердимурат Баймухан