МТРА жаңалықтары

әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай республикалық онлайн семинар өтті

“әл-Фараби тағылымы кәсіби-педагогикалық дүниетанымды дамытудың әдіснамалық негізі ретінде”. Бүгін осындай атаумен республикалық онлайн семинар өтті.

Оған еліміздің әр аймағындағы “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының өкілдері қатысты. Шара барысында 13 спикер баяндама оқыды. Сөз алғандардың арасында қаламыздағы «әл-Фараби» мектеп-лицейінің директоры Күлімкөз Смаилова да бар. Жерлесіміз 1 сағатқа созылған конференцияда өзі басқаратын оқу ошағында 2007 жылдан бері жүзеге асырылып жатқан “Қайырымды мектеп” жобасы жайлы мәлімдеді. Мұнда баланың  тәрбиесі мен оның тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін философиялық идеялар қамтылған. Сол себепті, педагог осы бастаманы еліміздің өзге білім ұяларына енгізуді ұсынды.

Күлімкөз Смаилова – «әл-Фараби» мектеп-лицейінің директоры:

 – Бұл – тұтас жоба. Оның өзектілігі бар. Оның болжамы мен іске асырылу механизмі бар. Солардың ішінде “әл-Фараби зерттеу ағартушылық орталығы”, “әл-Фараби руханият атты” екікүндік турнир сынды түрлі-түрлі талай қызықты әрі маңызды механизмді басқа мектептерге енгізуге даярмыз.

 

 

 

 

Актолкын Солтанханкызы