Ауыл шаруашылығы

Өңірдегі егін науқаны өз мәресіне жетті

Солтүстік Қазақстан минералды тыңайтқыштарды қолдануда 1-ші орында! Биыл алқаптарға препараттың 130 мың тоннасын сіңіру көзделіп отыр. Бүгінге дейін меженің 63 пайызы орындалған.

Жалпы, өңірдегі егін науқаны өз мәресіне жетті. Диқандарымыз 4,2 млн гектар алқапқа алтын дән сіңірді. Оның 2,9 млн-ына дәнді және бұршақ тұқымдас дақылдар егілді. Ал 1 млн гектарға жуық жер рапс, зығыр мен күнбағысқа бөлінді. Істі уақытылы аяқтауға ауа райы да қолайлы болды. Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың сөзінше, биыл аграрийлер мол өнім күтуде. Себебі, сұрыпты жаңарту ісі белсенді жүргізілген. Көршілес Ресейден 330 мың тоннадан астам элита тұқымы сатып алыныпты.

Ерболат Бекшенов – СҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

– Қазір агрокредиттік корпорация бойынша диқандарға несиеге 20 млрд теңге бөлінді.

Эльмира Садвокасова