Қоғам

1-ші тоқсанда көрсетілген мемлекеттік қызмет көлемі

Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз аралығында өңіріміздегі денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдары 11 млрд теңгенің қызметін көрсетіпті. Қаржының 90% бюджетке тиесілі. Қалғаны – халық пен кәсіпорындардан түскен ақша.

Статистиктердің мәліметінше, қызметтің басым бөлігін облыс аумағындағы ауруханалар көрсетіпті. Негізінен, тұрғындар тіс дәрігерлерінің көмегіне жүгінген екен. Енді білім саласына келейік. Алғашқы тоқсанда өлкеміздегі 709 мекеме  96,5 пайыз көлемінде қызмет көрсеткен. Мұнда да қаражаттың басым бөлігі мемлекеттікі.

Бердимурат Баймухан