МТРА жаңалықтары

Қуыршақтар балақайларға маска таратты

“Стоп, коронавирус!” Облыстық қуыршақ театрының ұжымы бүгін осындай акция өткізді.

Актерлар мен өнер ошағының өзге де қызметкерлері Петропавлдың бас көшесіне шықты. Олар серуендеп жүрген кішкентай балақайларға және ата-аналарына маска таратты. Қу түлкі, торай, ит пен клоун сияқты ертегі кейіпкерлері түрлі ойындар ойнап, жеткіншектер мен ересектерді қарапайым қауіпсіздік ережелеріне бейжай-қарамауға шақырды. Адамдар көп шоғырланатын орындарда маска тағып, арақашықтықты сақтаудың маңыздылығын түсіндірді.

Анна Пульникова, облыстық қуыршақ театрының мәдени ұйымдастырушысы:

– Облыстық қуыршақ театры кішкентай көрермендерін әлі қабылдай алмайды, сондықтан біз оларға өзіміз барамыз деп шештік. Таратылған маскалардың барлығы театр шеберханасында тігілген. Шамадан тыс босаңсып, қағидаларды елемеуге болмайды. Вирустың, әсіресе, балалар үшін қауіпті екенін ескерсек, ата-аналарға жауапкершілік танытқан абзал. Осыны бір қайтара еске салу үшін акция ұйымдастырдық.

Эльмира Садвокасова