Аптадағы маңызды жаңалықтар

Петропавлда жол нұсқайтын белгілер орнатылып жатыр

Петропавлда жол нұсқайтын белгілер орнталып жатыр.

Әр белгіде сол бағытта орналасқан көше атауы жазылған. Бұл көлік жүргізушілеріне қимыл-қозғалысын бағдарлауға сеп болмақ. Осындай 100 нұсқаушы 50 қиылысқа қойылады. Аталған мақсатқа қалалық бюджеттен 12 млн теңге бөлінген.

Дастан Қазиев – қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің сектор меңгерушісі:

– Қазіргі таңда жол көрсеткіштері 13 жол қиылысында орнатылды. Алдағы уақытта тағы осындай 50 нұсқаушы орнатылады. Жалпы, қалада осындай 100 белгі орнатылады. Нұсқаушыларды орнатудың алдында Тілдерді дамыту басқармасымен барлық жол атаулары келісіліп алынды.