Ауа райы

Маусым айында орташа айлық температура +19 градус болады

Көзді ашып-жұмғанша жаз мезгілінің алғашқы айыда басталып кетті. Көктемнің соңғы айы ыстық болғанымен, маусым айының алғашқы күндері салқындау. Қазгидромет мамандарының божауынша маусым айында орташа айлық температура +19 градусты құрамақ.

Көптен күткен жаз айының 5 күні де артта қалды. Бұл күндері ауа райы солтүстікқазақстандықтарды аса қуанта қоймады. Күннің көзі шығып тұрғанымен салқын жел соқты.

– Қазір ауа райы салқындау. Бір-екі күн осылай болатын шығар, сосын жамбыр жауады деп ойлаймын.

– Маусым айы салқын басталғанымен ортасына қарай жылиды деген ойдамын. Жазға жоспарларым көп.

Жаз келісімен тұрғындардың басым бөлігі бос уақыттарын табиғат аясында өткізуге асығатыны белгілі. Сол себепті, барлығы ыстық күндерді тағатсыздана күтіп жүр. Осы орайда айта кетейік, Қазгидромет мамандарының болжауынша маусымның 10-на дейін түнде 4-9, ал күндіз 18-23 градус жылы болады деп күтілуде. Ал маусымның екінші және үшінші онкүндіктері қандай болмақ?

Файруза Біләлова, – «Қазгидромет» РМК СҚОФ инженер-синоптигі:

– Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа температурасы түнде 15-20 градус жылыдан 5-10 градус жылыға, күндіз 29-34 градус жылыдан 15-20 градус жылыға дейін ауытқиды.

Сондай-ақ, маусым айында жауын-шашынның көлемі әдеттегі нормадан жоғары болады. Ал желдің екпіні секундына 15-20 метрді құрамақ.

Дана  Ешкенова