Құқық қорғау органдары

Тайынша ауданындағы төбелес

Тайынша ауданында жігіттер жаға жыртысты. Маусымның 2-сі күні аудандық полиция бөліміне шұғыл хабар түседі. Мұнда көлікке отырған 30-ға жуық адам «Обуховский ГОК» кәсіпорнының кіреберісінде топтасқан.

Белгілі болғандай бұл «Тиолайн» серіктестігіне қарасты 7 құрылтайшының 2-еуі екен. Олар кен-байыту комбинатына өздерімен бірге қарағандылық күзет агенттігі өкілдерін ала келген. Қоршаулы тұрған нысанға басып кірмекші болғанда қонақтар мен жергілікті азаматтардың арасында төбелес туындайлды. Салдарынан 10 адам түрлі дене жарақатымен дәрігерге жүгінген.

Бердимурат Баймухан