Денсаулық сақтау

Төлеген Байғұлов Антикор орталығында болды

«Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Төлеген Байғұлов Антикор орталығында да болды.

Мұнда ол өңірдің бас санитарлық дәрігері Серікбай Қасмақасовпен тілдесіп, денсаулық сақтау саласында көрсетілетін қызметтердің сапасы жайында сөз қозғады. Жалпы, жыл басынан бері жерлестеріміз 19 арыз түсірген екен. Олардың көбісі қызмет көрсету сапасына қатысты. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша 11 өтініштің жазылуына себеп болған негіз дәлелденіп, кінәлілер жауапқа тартылған екен. Алайда, мәселені айыппұл салу немесе жаза қолдану арқылы ғана реттеу аздық етеді. Сол себепті, олқылықты келесі жолы қайталанбайтындай етіп оны түбегейлі жоюдың амалын жасау керек деді Төлеген Байғұлов.

Төлеген Байғұлов – «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы:

– Тұтынушылардың құқығы бұзылып жатқанын көріп жатамыз. Алдағы уақытта мұндай жағдайларды болдырмас үшін біз сіздермен және денсаулық сақтау басқармасымен бірге жан-жақты жұмыс жасауымыз керек. Үш жақты ақылдасып, мәселені түбегейлі жоюдың жолын қарастырған жөн.

Бердимурат Баймухан