Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесті

МТРА жаңалықтары

22:14 4 Маусым 2020

Бизнес саласындағы проблемалалар талқыланды. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов жергілікті іскер жандармен жүздесті. Өңірлік кеңес отырысында  кәсіпкерлердің күнделікті бетпе-бет кездесетін мәселелерін шешу жолдары қарастырылды. Дені пандемияның салдарынан пайда болған.

Туризм, жолаушылар мен жүк тасымалы, мейманханалар мен рестораторлардың барлығы шығынға батты. Соңғылары азық-түлікпен қамтитын компаниялар мен қол астындағы жұмысшыларына белшесінен қарыздар екен. Той иелеріне де берешектері бар. Үлкен жиындарды өткізуге болмайды. Яғни, жұртшылық қазір алдын ала жасаған төлемін қайтаруды талап етуде. Дәмхана мен мейрамхана басшылығында қаражат мүлдем жоқ. Карантин бітіп, нысандар іске қосылғанымен бұл қиындықты тез бастан өткере алмаймыз дейді Сайран Хамзин.

Сайран Хамзин – «СҚО рестораторлары мен отельерлері ассоциациясы» ҚБ төрағасы:

– Қарыздарды жабу үшін шағын несиелер алу керек. Одан бөлек, тойға келетін қонақтардың санын арттырса жақсы болар еді. Қазір шектеу – 50 адам ғана. Жиындарды ұйымдастыруға қатысатын 1500-ге жуық жан жұмыссыз отыр. Дені банкротқа ұшырауға шақ қалды. Құзырлы орган өкілдерімен кездесіп, тойларды адам денсаулығына қауіпсіз өткізудің өзге жолдарын қарастырайық.

Өтініш аяқасты қалмайды. Алдағы уақытта барлық тарап үшін тиімді алгоритм ойластырылмақ. Осылайша, пандемия салдарынан пайда болған проблемалар біртіндеп шешіледі. Коронавирустың кесірінен өңірге газдың жетуі де кешігуі мүмкін. Кәсіпкерлердің дені табиғи отынды асыға күтуде.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Елбасының тапсырмасы мен Президенттің сайлауалды бағдарламасында Солтүстік Қазақстанды газбен қамту көрсетілген. Сұрақ – күн тәртібінде. Табиғи отын міндетті түрде біздің өңірге жетеді. Бірақ, пандемияға байланысты жоспарға біршама өзгеріс енді. Сондықтан, күту қажет.

Бизнес өкілдерін мазалайтын тағы бір сауал дифференциалды тарифке қатысты.

Омари Харбедия – «NK-CARGO» ЖШС директоры:

– Дифференциалды тариф кәсіпкерлер үшін өте қолайлы болатын. Өндіріс ошақтарының дені жұмысын түнгі уақытқа көшіріп, бюджеттерін үнемдеді. Бірақ, кейін оны алып тастады. Тарифті қайта енгізуді сұраймыз.

Сұрақ өңір емес, мемлекет деңгейінде шешілуі тиіс. Бизнесмендердің базынасын жақын арада үкіметке жеткіземіз дейді облыс әкімі Құмар Ақсақалов. Жиында тағы құрылыс саласындағы мәселелер де сөз болды. Кәсіпкерлер паркингтің жайын айтып, жанар-жағармай станцияларын қаланың келбетіне сай дизайнда жасау керектігін алға тартты. Ұсыныстар алдағы уақытта аймақ басшысының жетекшілігімен егжей-тегжейлі қарастырылмақ.

Эльмира Садвокасова

 

 

Бұдан әрі оқыңыз

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды
Петропавл халқының саны 220 мыңға жақындады
Мереке қарсаңында белсенді нұротандықтар марапатталды
Жергілікті зауытта құрастырылған компьютерлердің алғашқы легі мектептерге жөнелтілді
Оқушыларға компьютерлердің дұрыс таратылуын мониторингілік топ қадағаламақ
МТРА-ның “Instagram” желісіндегі оқырман саны 50 мыңға жетті
Тимирязев ауданына С.Мұқановтың есімі беріледі
Петропавлдағы 4 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды
Петропавлда 68 көпқабатты үй жылыту маусымына дайын емес
Мемлекеттік органдар сыртқы және ішкі талдау жүргізулері тиіс
Конституция күніне орай әскери қызметшілер марапатталды
Солтүстікқазақстандықтар жолдауға үн қосты