Ауыл шаруашылығы

Малдарды көктемгі вакцинациялау шарасы аяқталып қалды

Өңірде малдарды көктемгі вакцинациялау шарасы аяқталып қалды. Биыл іске әдеттегі уақыттан ерте кіріскен мамандар бүгінде шаруаның 95 пайызын орындапты.

Нәтижесінде 312 бас ірі қара малдан бруцеллез ауруының белгілері анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 165-ке кем екен. Сондай-ақ, 3 жануардан туберкулез дерті тіркелген. Былтыр мұндай 15 жағдай анықталыпты. Облыс аумағында мал дәрігерлері коронавирусқа байланысты барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отыра еңбек етуде. Дегенмен, осы орайда іс барысында бірқатар қиындықтар туындайтын көрінеді.

Берік Әлжанов – СҚО ветеринария басқармасының басшысы:

– Бірінші кезекте – ветеринар мамандардың жүруінің шектелуі. Екіншіден, мал иелерінің дәрігерлерді үй аумағына кіргізуден бас тартуы. Мұндай азаматтармен түсіндіру шаралары жүргізіліп, жануарларға екпе салынды.

Эльмира Садвокасова